Медиа орталық

Ресейлік инвесторлардың «жасыл» жобасы көмірқышқыл газының шығарылуын 10,5 мың тоннаға қысқартады

Ресейлік инвесторлардың «жасыл» жобасы көмірқышқыл газының шығарылуын 10,5 мың тоннаға қысқартады

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында күн электр станциясының құрылысы аяқталды. Жобаны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Хевел» компаниясының ресейлік инвесторлары іске асырды. Алаңдағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жүргізілді.

Жобаны іске асыру аясында «Жаңақорған» күн электр станциясында инвесторлар 25 мыңнан астам тиімділігі жоғары гетероқұрылымды екі жақты күн модулін орнатты.

«HJT технологиясы бойынша өндірілген осы екі жақты модульдер маусымдылығы мен ауа райы жағдайларына байланысты орта есеппен 23-24% - ға артқы жағынан электр энергиясын қосымша өндіруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, күн панельдері жұмысының тиімділігі күн қозғалысын бақылаудың трекерлік жүйелерін күшейтеді, бұл ФЭМ-дерді орналастырудың статикалық әдісімен салыстырғанда электр энергиясын өндіруді орта есеппен 20-25%-ға арттыруға қосымша мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қызылорда облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік директоры Рүстем Құлназаров.

Инвесторлар атап өткендей, «Жаңақорған» КЭС электр энергиясының жылдық болжамды өндірісі жылына 19,5 млн кВт*сағ құрайды. Бұл атмосфераға CO2 атындысын шамамен 10,5 мың тоннаға қысқартады.

КЭС құрылысына 100-ден астам адам тартылды, сондай-ақ қосымша 10 тұрақты жұмыс орны құрылды. Құрылыс жұмыстарына тек жергілікті мердігерлік ұйымдар ғана тартылды.

Айта кету керек, «Хевел» компаниялар тобы Қазақстан Республикасының аумағында «жасыл технологиялар» саласындағы ірі инвестор болып табылады. Компания өз инвестициялары есебінен «толық аяқталған» күн электр станцияларының халықаралық жобаларын іске асырады.

Қазақстан Республикасындағы «Хевел» КТ активтерінің инвестициялық портфелі жиынтық қуаттылығы 288 МВт және жылдық жоспарланған өндірісі 500 млн. кВт*сағ күн электр станцияларының 10 жобасымен ұсынылған.

2020 жылғы мамырда ҚР Президентінің қатысуымен осы компанияның ТМД елдеріндегі ең ірі 100 МВт күн станциясы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта жалпы қуаттылығы 148 МВт болатын КЭС-тің тағы 7 жобасы іске асырылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Компания Түркістан және Қызылорда облыстарында әрқайсысының қуаттылығы 20 МВт болатын тағы 2 жаңа күн парктерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге