«Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компания» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі -«Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ 2011 жылдың 11-ші қаңтарында құрылған. Қызылорда облыс әкімдігінің 2013 жылдың 29 қаңтардағы қаулысымен «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ «Қызылорда» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамынан қайта аталды. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ жергілікті даму институты және оның бірден-бір акционері Қызылорда облысы әкімдігі болып табылады. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ негізгі қызметтерінің бірі мемлекеттік және жеке серіктестіктің негізінде Қызылорда аймағының өркендеуіне ықпал ету болып табылады.
Қазіргі таңда, корпорацияның қызметі жеке қәсіпкерліктің дамуына барынша қолайлы жағдай тудыруға бағытталған, яғни қолда бар өндірістерді жаңарту және жаңаларын құру, инвестиция тарту мен үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру.
Миссия және пайымдау
Миссия - мемлекет пен жеке кәсіпкерлік бірлігінің негізінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық өркендеуін қолдау.
Пайымы – 2023 жылға қарай ӘКК активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы ретінде әрекет ететін өңірлік даму институтына айналады.
Міндеттер:
1.Аймақтағы экономиканың басым секторларында жаңа өндірістерді құру және қолда бар бәсекеге қабілетті өндірістерді жаңарту;
2.Мемлекеттік активтердің іс айналымына қатыстыру, күрделі активтерді қайта калыпқа келтіру және соның негізінде бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;
3.Алдыңғы қатарлы өндіріс және басқарма технологиялар мен стандарттарын ендіру;
4.Активтер бағасын жоғарлату;
5.Инфрақұрылымның дамыумен бизнес бастамасын қолдау (бизнес-инкубатор, технопарктер, индустриалды аймақтар);
6.Аймақтың жүйе құрушы және ірі қомпанияларында шағын және орта бизнес өркендеуінің серіктестік бағдарламасын үйлестіріп, сондай-ақ басымдылық сала кластерін дамыту;
7.Компания қызметінің шеңберінде қаржылай емес қолдау көрсету;
8.Бизнес-жобаларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік институттарды дамытуға бағытталған ынтымақтастықты кеңейту;
9.Портфельдік мекемелер арасында тәжірибе алмасу және қарым-қатынас байланысының дамуы;
10.Ішкі және сыртқы сауда айналымда өнімнің брендтік атауын қоюына көмек көрсету;
11.Мемлекеттік және жеке серіктестіктің негізінде, сонымен қатар отандық және шетел инвесторларды тарту арқылы болашағы зор жобаларды іске асыру;
12.Мемлекеттік және салалық бағдарлмалар аясында қаржыландыру, актив бойынша қатысу, үлесті қаржыландыру арқылы жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларға қолдау қөрсету;
13) өңірлердің негізгі мамандануын ескере отырып, өңірлік даму карталарын әзірлеу және инвесторлар тарту үшін перспективалы әрі бәсекеге қабілетті жобалардың тізбесін қалыптастыру.
Байланыс
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі 4