Медиа орталық

Қызылордада табақ шыны өндірісі басталды

Қызылордада табақ шыны өндірісі басталды

Қызылордада табақ шыны өндіретін және өңдейтін зауыттың салтанатты ашылуы өтті. Жобаны ҚР СІМ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, сондай-ақ Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «China Glass Int» компаниясы іске асырды. Қазақстан экономикасына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 43,7 млрд.теңгені құрады.

Кәсіпорынның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік блогының басшысы Марат Есенов және т. б. қатысты.


Зауытта 220-ға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, толық қуатқа шыққаннан кейін (жылына 197 мың тоннадан астам табақ шыны немесе тәулігіне 600 тонна шыны) өнімді Орталық Азия елдеріне, Ресей Федерациясына, сондай-ақ ҚХР-ға экспорттау жоспарлануда.


«Аталған жобаны іске асыру отандық экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Шыныға күнделікті өмірдің көптеген салаларында сұраныс өсіп келе жатқан материал болып табылады. Отандық шыны тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысында, автомобиль жасауда, жиһаз және интерьер заттарын өндіруде қызметтер мен тауарлардың өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Марат Есенов.


Айта кету керек, осы жобаны сүйемелдеу аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тиісті мемлекеттік қолдау шараларын алуға, шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізуге жан-жақты көмек көрсетті.

Анықтама үшін:

«China National Building Materials» - компаниясы құрылыс материалдарының кең спектрін өндіруге маманданған ірі қытай мемлекеттік конгломераты болып табылады және ҚХР-дың ТОП-100 ірі компанияларының қатарына және әлемнің екі жүз ірі компанияларының қатарына кіреді

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге