Медиа орталық

«KAZAKH INVEST» төрағасы Қызылорда және Түркістан облыстарының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты

«KAZAKH INVEST» төрағасы Қызылорда және Түркістан облыстарының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты

2022 жылғы 10-11 маусым аралығында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов жұмыс сапарымен Қызылорда және Түркістан облыстарына барды.

10 маусымда Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қызылорда облысы аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруды талқылады.

Өңір басшысы Қызылорда қаласының ЖЭО аумағында қуаты 250 МВт бу-газ қондырғысының құрылысының, кальцийленген сода өндіру зауытының, сондай-ақ «Шалқия» кен орнындағы тау-кен байыту комбинатының жұмысымен таныстырды.

Ұлттық компания басшысы Мейіржан Юсупов «Orda Glass» ЖШС табақ шыны өндіру және өңдеу зауытында болды. Кәсіпорында 220-дан астам жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, толық қуатқа шыққаннан кейін (жылына 197,1 мың тонна табақ шыны немесе тәулігіне 600 тонна шыны) өнімді Орталық Азия елдеріне, РФ, сондай-ақ ҚХР экспорттау жоспарлануда, бұл отандық экспорттық әлеуетті ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ, Мейіржан Юсупов индустриялық аймақ аумағында 2018 жылы салынған цемент зауытында болып қайтты. Жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін кәсіпорын еліміздің құрылыс компанияларының қажеттіліктері үшін өнім шығарады.

Сапар аясында «KAZAKH INVEST» Басқарма төрағасы бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралады. Олардың қатарында «Жан-Арай» көпсалалы агроөнеркәсіптік кешені, «ҚазАгроМир» ЖШС қияр мен қызанақ өсіретін өнеркәсіптік жылыжай және басқа да кәсіпорындар бар.


Түркістан облысына сапары аясында Мейіржан Юсупов «Borte Milka» сүт өнімдері, одан бөлек күйдірілген силикат кірпіш және де ток пен кернеуді өлшеу трансформаторлары, айырғыштар, май күштік трансформаторлар мен шкафтардың металл құрылымдарын өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге