Батыс Тұзкөл кен орнында газтурбиналық электр станциясының құрылыс жобасын «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» ЖШС және «Петро Казахстан Инк» компаниялары жүзеге асырып, 2019 жылы пайдалануға берді.
Электр стансасының құрылысы 2018 жылдың 5 желтоқсанында басталған. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «Транс Азия Констракшн» ЖШС жүргізді.
Электр станциясының қуаттылығы 16,5 МВт, дегенмен орнатылған технологиялық жабдық нысанды 25 МВт-қа дейін кеңейтуді ескере отырып жобаланған. Электр станциясының жұмыс режимі үздіксіз, жыл бойы, тәулік бойы.
Нысанның құны 9,345 млрд теңгені құрайды.
Электр станциясының құрылысы мұнай кен орындарындағы экологиялық қауіпсіздікке байланысты мәселелерді шешуге бағытталған. Бұған дейін мұнай өндіру кезінде ілеспе газ жағылатын болса, енді ол газ турбиналық электр станциясында электр энергиясына айналады.
Негізгі жабдықты жеткізу АҚШ-тан жасалған – газтурбиналық генераторлар (Solar Turbines) және отын газын өңдеу қондырғысы (EML), Қытайдан – газ компрессорлық қондырғылары (Jereh). Қалған техникалар Ресей мен Қазақстанда шығарылады.
Бұл электр станциясы Батыс Тұзкөл және Кетеқазған кен орындарындағы барлық нысандарды, яғни вахталық қосындарды, ұңғымаларды, сорғы станцияларын, мұнай дайындау алаңдарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Әрқайсысы елу адамға арналған екі жатақхана мен жетпіс бес адам бір мезгілде тамақтанатын асхана бар.
Анықтама:
2010 жылы Сырдария ауданындағы Сұлутөбе станциясынан солтүстікке қарай 94 шақырым жерде Тұзкөл жолында «Батыс Тұзкөл» деп аталатын мұнай кеніші ашылды. Арал-Торғай мұнай-газ губерниясының құрамына кіретін Оңтүстік Торғай мұнай-газ аймағына қарасты Арысқұм науасында орналасқан. Мұнай қоры ол кезде 1,1 миллион тоннаға бағаланды, қазірдің өзінде екі есе көп өндірілді.