Біз туралы

Тәуіпбаева Мөлдір Сұлтанбекқызы

Кызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы

Мөлдір Сұлтанбекқызы 1978 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген.

1999 жыл – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының бакалавры;

2007 жыл – экономика ғылымдарының кандидаты;

2016 жыл – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің бакалавры;

2017 жыл – Алматы менеджмент университетінің магистры;
2025 жыл – Оңтүстік Калифорния университетінің магистры.

Мансабы:

1999–2001 жж. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтуші-зерттеуші, Қызылорда қ.;

2001–2008 жж. – Қызылорда инженерлік-экономикалық институтының «Экономика және қаржы» кафедрасының ассистенті, оқытушысы, Қызылорда қ.;

2008–2012 жж. – америкалық «Weatherford» компаниясының сатып алу, есеп және логистика бойынша үйлестірушісі, Қызылорда қ.;

2013–2016 жж. – қалалық мәдениет және демалыс паркінің директоры, Қызылорда қ.;

2016 ж. – «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ индустриялық-инновациялық жобалар департаментінің директоры, Қызылорда қ.;

2016–2017 жж. – «Автобус паркі» ЖШС қаржы директоры, Қызылорда қ.;

2017–2019 жж. – Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары, Қызылорда қ.;

2019 ж. – Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы;

2019–2023 жж. – Қызылорда қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы;

2023–2025 жж. – Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алуды басқару бөлімінің басшысы;

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге