+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Қазақстанда алғаш рет elicense.kz портал арқылы инвестициялық келісімшарт жасалды

Қазақстанда алғаш рет elicense.kz портал арқылы инвестициялық келісімшарт жасалды

Мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру бойынша ауқымды жұмыс шеңберінде "инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызметі онлайн форматқа ауыстырылды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында сөйлеген сөзінде атап өткендей, бизнес пен мемлекет арасындағы қарым - қатынас толығымен сандық форматқа көшіп байланыссыз болу тиіс. Ол үшін мемлекеттік қызмет алу үдерістері мен қолдау шараларын онлайн форматқа көшеріледі. Мәселен, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және ҚР Сыртқы істер министрлігі іске асырған инвесторлар үшін бизнес-үдерістерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін elicense.kz жаңа порталында "инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызметті автоматтандырылды. Келісім-шарттардың осы түрлеріне заттай грантты және кедендік преференцияларды алуға арналған инвестициялық келісім-шарт, салықтық және кедендік жеңілдіктермен инвестициялық басым келісім-шарт жатады.

"ҰАТ" АҚ әзірлеушілері атап өткендей, онлайн форматта инвестициялық келісім-шарттарды жасау үшін техникалық мүмкіндік жасау бірқатар өзгерістерге себеп болады. Олардың қатарында өтінім беру процесін оңайлату және оны келісу, лицензиялау процестерін, рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру. Мұның бәрі мемлекет пен бизнес-қоғамдастық арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қызметті онлайн-форматқа аудару уәкілетті орган мен инвестор арасындағы байланыстарды азайтуға мүмкіндік беріп қызмет көрсету уақытың қысқартады, бүгінгі күні ол 27 жұмыс күнін құрайды. Пайдаланушылық интерфейс қызметтерді автоматтандыруға қойылатын талаптарды ескере отырып әзірленген. Мемлекеттік органдарға өз бетінше жүгіну қажеттілігі жойылды. Ведомствоаралық интеграция нәтижесінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР АШМ, жобаны іске асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органдар және т.б. арасында автоматты режимде өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі.

Мұндай сервистердің болуы және рәсімдерді оңайлату Қазақстанның инвесторлар үшін тағы бір бәсекелестік артықшылығы болады.

Elicense.kz портал арқылы онлайн-режимде жасалған алғашқы инвестициялық келісімшартқа қатысты: келісім-шарт "Каз Солар 50" компаниясымен жасалды, ол "Solarnet Investment GmbH" неміс компаниясымен бірлесіп Қарағанды облысының аумағында ЖЭК саласында қуаты 26 МВт 5 млрд теңгеден астам сомаға жобаны жүзеге асырады.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге