Медиа орталық

Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері Италияда талқыланды

Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері Италияда талқыланды

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Налибаевтың басшылығымен делегация Рим және Флоренция қалаларында жұмыс сапарымен болып, бірқатар ірі итальяндық компаниялармен кездесу өткізді. «KAZAKH INVEST» АҚ-ның Италиядағы өкілі Алтынай Мұқанованың қолдауымен ұйымдастырылған сапар екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және перспективті жобаларды талқылауға мүмкіндік берді.

Н. Налибаевтың Италия экспорттық-кредит агенттігінің «SACE» президенті Филиппо Джансанте мырзамен кездесуі барысында итальяндық тарап Қазақстанның даму банкі, SACE және «CDP» итальяндық банкінің бірлесіп экономиканың негізгі секторларын дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін кредиттік келісімшарт жасау туралы мәселені талқылады. Сондай-ақ, Әкім Қызылорда облысының инвестициялық бастамаларын таныстырып, итальяндық тарапты бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Келесі кездесулерде Қазақстан делегациясы өндірісті локализациялау, құрылыс және экологиялық бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. «Ansaldo Energia» энергетикалық компаниясы Кызылорда қаласында газотурбиналық және парогаздық қондырғылар үшін компоненттер өндіру жобаларына қатысуға қызығушылық танытты. «Confindustria» индустриалды компаниясы қазақстандық экспортшыларды итальяндық нарыққа шығару жөнінде көмек көрсетуді ұсынды. «SGM Group» компаниясы Қазақстандағы биохимия жобаларына қызығушылық білдірсе, «SOGESID» Арал теңізінің бассейнін қалпына келтіру және су тасқынымен күресу жобаларына назар аударды, ал «TIRRENA COSTRUZIONI» сейсмикалық панельдер өндірісі бойынша жобаларды талқылады. «CLIFF» қаржы компаниясы Кызылорда қаласындағы нишалық жобаларға инвестиция салуға қызығушылық танытты.

Қазақстан делегациясы сапар барысында Тоскана аймағындағы Санта-Кроче-суль-Арно ауданын да аралады, мұнда итальяндық былғары өндірісінің 35%-ы және ұлттық подошвалық былғары өндірісінің 98%-ы шоғырланған. Делегация былғары өндірісі ассоциациясының президенті және осы саладағы бірқатар компания өкілдерімен кездесіп, өндірістік қуаттарды Қазақстанға көшіру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге