Біз туралы

Абсаттаров Дінмұхамед Болатұлы

Қызылорда облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы

Абсаттаров Дінмұхамед Болатұлы 1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «инженер-эконгомист»  мамандығы бойынша бітірген.

Мансап:

Еңбек жолын 2000 жылы «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» акционерлік қоғамының экономисі ретінде бастаған.

2002-2006 жылдары Жалағаш, Қызылорда облысы әкімі аппараттарында түрлі деңгейдегі лауазымдарда қызмет атқарған.

2006-2010 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы,

2010-2012 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік жолдары комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болған.

2012-2020 жылдары «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының басқарушы директоры, Алматы қаласы мен Қызылорда, Түркістан облыстарының кәсіпкерлер палатасын басқарған.

2020-2021 жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болған.

2021-2023 жылдары «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін абыроймен атқарған. 2023 жылдың наурыз айынан бастап «Yevniy Consulting Group» компаниясының басқарушы серіктесі қызметін атқарып келді.

2023 жылдың желтоқсанынан бастап Қызылорда облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының  басшысы лауазымына тағайындалды.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге