Біз туралы

Жаналинов Данияр Еренғалиұлы

Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары

Жаналинов Данияр Еренғалиұлы 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ көлік және коммуникация академиясын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімі заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.

2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары - Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.

2014-2018 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2018-2021 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2021-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің вице-министрі.

2022 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.

2023 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге