2020 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қуаты 28 МВт Номад Солар күн электр станциясы іске қосылды.
Жобаның инвесторы француздық Total Eren компаниясы. Жоба ішінара Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен қаржыландырылды.
Электр станциясының құрылысы бойынша жұмыстар 2019 жылдың шілдесінде грек METKA EGN компаниясымен «кілтке» инженерлік, сатып алу және құрылыс (EPC) келісімшартына қол қоюмен басталды.
Станция Жалағаш ауылына жақын жерде орналасқан. Күн электр станциясының алып жатқан алаңының ауданы 164 гектарды құрайды. Бұл ауданда 83 592 фотоэлектрлік панель, 8 орталық инверторлық электр станциясы, жұмыс кернеуі 220/35 кВ қосалқы станциясы бар. SES панельдерді күнге бағыттау үшін бір осьті жүйелерді пайдаланған.
СЭС-тің болжамды жылдық электр энергиясын өндіру көлемі жылына 49 млн кВт/сағ құрайды, бұл 8700-ден астам адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті. Сонымен қатар, күн электр станциясы жыл сайынғы парниктік газдар шығарындыларын 45,4 мың тоннаға азайтады.
Электр энергиясын жалғыз сатып алушы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдаудың есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС болып табылады, онымен 15 жылға сатып алу-сату шарты жасалған.
Номад Солар КЭС құрылысына 60 адамға дейін жергілікті мамандар мен мердігерлер тартылды. Сондай-ақ станцияға қызмет көрсету үшін 10 тұрақты жұмыс орны ашылды.
«Жасыл экономика» жобасын жүзеге асыру өңірге шетел инвестициясын тартуға, жұмыс орындарын ашуға, электр қуатының тапшылығын ішінара жабуға, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік берді.
Қазақстан 2030 жылы электр қуатын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесін 10%-ға жеткізу бойынша өршіл мақсат қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, жаңартылатын энергия объектілерін салу бойынша ең тиімді жобаларды таңдау үшін аукциондар тетігі қолданылады.
Еске сала кетейік, ЖЭК инвестициялық преференциялар берілетін басым қызмет түрлерінің тізіміне енгізілген. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы «жасыл» энергетикалық жобалардың инвесторларына оқу вебинарларын ұйымдастыру, инвестициялық келісімшарттар жасау және жобаларды сүйемелдеу арқылы аукциондарға қатысуға көмектеседі.