Медиа орталық

Инвесторлар көпқабатты тұрғын үй салуға ниетті

Инвесторлар көпқабатты тұрғын үй салуға ниетті

Бүгін шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев қалаға арнайы келген түркиялық «DEMS constraction» және «Tremesheli Holding» компанияларының басшыларын қабылдады. Кездесуде қос инвестор облыс орталығынан 9 және 14 қабатты тұрғын үй кешенін салуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Құрылысы қарқынды, зәулім ғимараттар бой түзеген Қызылорда қаласы үшін бұл ерекше ұсыныс. 20 жылға жуық шет мемлекеттерге инвестиция құйып, ғимараттар тұрғызған қос компанияның тәжірибелері мол, нарықта беделі жоғары. Сондықтан олар еліміздің алғашқы астанасы атанған Қызылорданың төрінен соңғы үлгідегі көпқабатты үй салуды мақсат етіп отыр.

Жоспар бойынша мың пәтерлік көпқабатты үй салынады. Кешенді құрылысқа емхана, мектеп, балабақша, спорттық алаңдар кіреді. Аталған инвесторлар жобалау жасаса, облысымызға танымал «ДорСтрой» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Нысан түсетін орын да белгіленіп тұр.

Ғанибек Қонысбекұлы инвесторларға қала әкімдігі тарапынан барынша қолдау білдіріліп, инфрақұрылым жүргізу жұмыстарын жеделдететіндігін жеткізді. Сонымен қатар, оларға сырттан ешбір маман әкелмей, кәсіптік оқуын тәмамдаған қызылордалық жас мамандарды қайта даярлап, жұмысқа қабылдаулары қажеттігі басты талап екендігін айтты.  Осылайша қос тарап ортақ мәмілеге келіп, сәуір айында нақты эскиздік жобаны талқылауға уағдаласты.

Көзі: Қызылорда облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге