Герман компаниясы Қазақстанға инвесторлар тартуға жәрдем көрсетеді

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов SCHNEIDER GROUP компаниясының президенті және негізін қалаушы Ульф Шнайдер мырзамен кездесу өткізді. Кездесу шеңберінде тараптар дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы дамыту, Қазақстанда бизнес жүргізу және инвестициялар мәселелерінің кең ауқымын талқылады.

Сонымен қатар, сауда-экономикалық және инвестициялық іс-шараларға өзара қатысу, сондай-ақ қазақстандық компанияларды «Лиссабон-Владивосток» Еуропалық іскерлік топтарының бастамасына тарту мәселелері қозғалды.

«Лиссабон-Владивосток бастамасы Еуропалық Одақ пен ЕАЭО елдері арасындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған. Біз бұл бастама кедендік тазарту рәсімдерін, құжаттарын және ҚҚС салық мөлшерлемелерін біріздендіруге мүмкіндік береді деп санаймыз. Бұдан басқа, бұл тауарларды сертификаттаудың бірыңғай стандарттарын және ЕО мен ЕАЭО арасындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін басқа да жағдайларды енгізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ульф Шнайдер.

Айта кету керек, бүгінгі таңда бұл бастама 100-ден астам компанияны, сондай-ақ ЕО мен ЕАЭО-ға мүше 12 мемлекеттің ірі іскерлік қауымдастықтарын біріктіреді. 2020 жылы бастама басқарма және нақты бағыттар бойынша бірқатар сараптамалық жұмыс топтары ретінде өзінің құрылымдық бөлімшелерін құрды.

«Лиссабон-Владивосток» бастамасын көпшілікке тарату және одан әрі ілгерілету мәселелеріне арналған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Бұл шараларға бизнес басшылары мен иелері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығының беделді мүшелері қатысады.

Сонымен қатар, келіссөздер барысында тараптар SCHNEIDER GROUP компаниясы жұмысының жаңа бағыты шеңберіндегі өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады. Компания Қазақстанға итальяндық және австриялық инвесторларды тарту саласында KAZAKH INVEST-пен белсенді ынтымақтастықты жолға қоюға ниетті. Өз кезегінде KAZAKH INVEST Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов осы мәселе бойынша кооперацияға мүдделілігін білдірді.