+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусты індет болып жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2019 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурызда 08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылғы 15 сәуірде 07 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Жарлығымен төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 11 мамырда 00 сағат 00 минутқа ұзартылды.

Қазақстан Республикасында 2020 жылда 11 мамыр сағат 00:00-ден бастап коронавирус пандемиясы салдарынан енгізілген төтенше жағдай режимі аяқталды. 

КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Короравирусқа байланысты сұрақтар бойынша Сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының call-орталығы 1406, 8 7172 768 043 нөмірлері бойынша хабарласа аласыздар.

Сондай-ақ, "Коронавирус – шұғыл желі" Telegram-бот жұмыс істейді, онда коронавирустық инфекция туралы негізгі ақпарат бар (коронавирус дегеніміз не, берілу жолдары, симптомдар, инкубациялық кезең, өзін жұқтырудан қалай қорғау керек, карантинге алынатындар және т.б.). Бот қазақ және орыс тілдерде қол жетімді.

ИНВЕСТОРЛАРДЫ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ

ҚР Сыртқы істер министрлігі коронавирустың әлемде және көрші елдерде таралуына байланысты туындаған отандық және шетелдік инвесторлардың мәселелерін шешу бойынша шараларды үнемі қабылдауда.

Көптеген елдерде мемлекеттік шекараларды өткізу пункттерінде, вокзалдарда және әуежайларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары күшейтілді, олардың кейбіреулерінде мемлекеттік шекара мүлдем жабылды. Алайда, кәсіпорындардың жоспарланған құрылыс-монтаждау және өндірістік қызметінің кестелерін сақтау мақсатында жүк тасымалы төтенше жағдайға қарамастан жүзеге асырылуы тиіс.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің жедел штабының жедел желісінің телефондары + 7 7172 720 046, + 7 7172 720 047, +7 7172 720 549.

Инвесторларға арналған сервистік қызметтер, сондай-ақ инвестициялық қызмет мәселелері бойынша консультациялар (визалық, салықтық, кедендік мәселелер, Қазақстан Республикасына шикізат, тауарлар, жабдықтар мен жинақтаушыларды жеткізу мәселелері бойынша және т. б.) инвесторларға арналған call-орталықтың +7 7172 620 620 нөмірі бойынша тәулік бойы көрсетілетін болады./7 by KAZAKH INVEST call-center: +7 7172 620 620.

Сондай-ақ, invest.gov.kz Ұлттық инвестициялық интернет-ресурста онлайн-сұраныстар үшін форманың көмегімен өтінімді қалдыруға және кеңес алуға болатынын еске саламыз.

"Инвестордың нұсқаулығы" бөлімінде Сіз шетелдік инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратпен таныса аласыз . Бөлімде ресми нормативтік құқықтық базаға сілтеме жасалған өзекті ақпарат берілген. KAZAKH INVEST сарапшылары кез келген мәселелер бойынша толық кеңес береді .

KAZAKHINVEST кіріс хат сұрақтары бойынша мына телефон арқылы хабарласыңыз: +7 7172 620 627.

ҚАЗАҚСТАНДА БОЛУ

Визаны алу және Қазақстанға келу туралы толық ақпарат Инвестициялық интернет-ресурста "Қазақстанда болу" бөлімінде қолжетімді.

KAZAKH INVEST маманының визалық және көші-қон мәселелері бойынша толық консультациясын келесі нөмір бойынша алуға болады: +7 7172 620 556.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының аумағына карантин кезінде шетел азаматтарының елге кіруі бойынша келесі тәртіп енгізіледі: 

Инвесторлар Қазақстан Республикасының аумағында жобаны іске асыру үшін шетел азаматтарын тарта алады. Шетелдік азаматтардың Қазақстан визасымен келуі барлық санитарлық, эпидемияға қарсы және карантиндік шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Қытай Халық Республикасынан келген азаматтар үшін елге кіру үшін шақырудың келесі алгоритмі қолданылады.

Төтенше жағдай кезінде шетелдіктер болу мерзімін бұзғаны және Қазақстан Республикасынан уақтылы кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

2020 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Үкіметі 1 қарашаға дейін шетелдік азаматтар үшін 72 сағаттық визасыз режимді алып тастау туралы қаулы қабылдады.

Шетелдіктердің құқықтық мартебесiн реттеу туралы

ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ

Жүк тасымалы төтенше жағдайға қарамастан қалыпты режимде жұмыс істеуді жалғастырады. Алайда, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде, вокзалдарда және әуежайларда санитарлық-эпидемиологиялық режим күшейтілді

Жүк тасымалдарын ұйымдастыру мәселелері бойынша Сіз "ҚТЖ-Жүк тасымалы" call – орталығының +7 7172 603 030 нөмірі бойынша хабарласа аласыз .

ШҰҒЫЛ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕР

Қажет болған жағдайда шұғыл жедел қызметтерді шақыру келесі нөмірлер бойынша хабарласа аласыз:

  • өрт күзеті - 101
  • полиция-102
  • жедел медициналық көмек-103
  • газ желісінің апаттық қызметі-104
  • төтенше жағдайларда әрекет ету қызметі – 112

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге